Новости

23 Шілде 2020 ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақсу қаласы әкімдігінің «Павлодар облысы Ақсу қаласының

аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бекіту туралы» қаулы жобасына

 

 

Қала әкімдігінің осы қаулы жобасы Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 50-1 тармағына сәйкес енгізіледі.

Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Жергілікті атқарушы органдармен белгіленген орналастыру жөніндегі регламентке қарамастан, стационарлық емес сауда объектілері сияқты форматты дамыту перспективалы деп айтуға болады.

Бұл біріншіден баға және сауда орындарын орналастыру жақындығы тұрғысынан тұтынушылар үшін тартымды. Сонымен қатар бұл отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ұсынуға мүмкіндік береді, кәсіпкерлік субъектілерінің уақытша және қаржылық шығындарын азайтады. 

Өңірде кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында «Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласы әкімдігінің «Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындау туралы» қаулы жобасын қарау үшін енгізеді.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» интернет-порталының https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4425849 ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.

        

 Ақсу қаласы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы:                                  М. Дуйсембекова

 

 

 

 

 

 

             Орынд. Майманова М., 69102

Архив новостей