Новости

15 Шілде 2020 ж.

Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында стационарлық емес

сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе)

бағыттарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту  туралы» № 264 бұйрығының 50-1 тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары және (немесе) бағыттары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б.С. Умархановқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                                   Б. Ыбыраев

Архив новостей